386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да туберкулезбен ауыратын әйел мектеп асханасында ыдыс жуған

  • 554
  • UPD: 11:53, 09.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында туберкулездің ашық түрімен ауыратын әйел адам мектеп асханасында ыдыс жуушы болып жұмыс істеген.

Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары мәлімдеді. Глубокое ауданы Бобровка ауылындағы мектеп асханасында ыдыс жуатын әйел денсаулығы сыр берген соң алдымен Винное ауылындағы емханаға қаралған. Ол жердегілер оған өткір бронхит деген диагноз қойды. Алайда сырқат меңдеген әйел аз уақыттан соң облыс орталығына жеткізілген. Тек сол кезде ғана тубурекулездің ашық түрімен ауырғандығы анықталды.

Хамит Елубаев, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Қарым-қатынаста болған 80 мұғалім, 283 оқушы және үй жағында 6 адам болған екен. Солардың бәрі тексерістен өтті, ересектер флюорографиядан өтті, оқушыларға манту жасалды. Барлық тексеріс нәтижесі оң болды.

Хабар 24 телеарнасы