378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда ыстық су құбыры жарылды

  • 264
  • UPD: 21:31, 19.12.2018
Қостанайда ыстық су құбыры жарылды

Қостанай қаласында ыстық су құбыры жарылды. Апат таңғы уақытта КСК шағын ауданындағы Көбеев көшесінде болды.

Жер астынан атқылаған судан сол маңайда мұз айдыны пайда болды. Бұл өз кезегінде көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына қиындық келтірді. Бірнеше үйді ыстық судан уақытша ажыратылды. Апат салдарын жоюға «Қостанай-Су» коммуналдық мекемесінен мамандар мен 5 техника жұмылдырылды. Оқыс жағдайға шамамен 50 жыл бойы қолданыста болған құбырдың тозуы себеп болып отыр.

Салтанат Әйтенова, «Қостанай-Су» МКК баспасөз қызметкері:

- Бүгін бәрін қалпына келтіреміз. Инвестициялық бағдарлама бойынша Қайырбеков, Көбеев, Қобыланды батыр көшелері аумағындағы су құбырына 2019 жылы жөндеу жұмыстары жүрзіледі. Оған 58 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы