389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда көпірде минивэн мен көлік соқтығысты

  • 440
  • UPD: 16:39, 25.12.2018
Павлодарда көпірде минивэн мен көлік соқтығысты

Павлодарда Honda Stepwagon көлігі мен автобус соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.

«24 желтоқсан күні сағат 18:04-те Павлодар-Шарбақты күре жолындағы көпірде Honda Stepwagon көлігі мен Volvo қалалық маршруттық автобусы соқтығысты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті департамент өкілдері.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы