375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жалған өрт сөндірушілер қолға түсті

  • 382
  • UPD: 11:19, 08.01.2019

Өздерін облыстық өрт қауіпсіздігі басқармасының қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар дүкендер мен дәмханалардың өрт қауіпсіздігін тексерген.

Сөйтіп, үш кәсіпкерді алдап, ақшасын алып кеткен. Қылмыстық оқиға Отырар ауданында болды. Осы іс бойынша жергілікті кәсіпкерлер құзырлы органға арызданған. Жедел іздестіру шарасы барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дүкендердің бірінен екі күдіктіні ұстады. Тексеру нәтижесінде олардың Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды. Ұсталғандардың бірінің шартты жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. Тергеу барысында сезіктілердің 3 алаяқтық іске қатысы бары дәлелденді. Қазір ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы /Алаяқтық/ бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында есірткіге қатысты 800-ден астам қылмыс тіркелді

Жамбыл облысы, Меркі ауданында тағы бір адам есірткімен ұсталды. 53 жастағы жергілікті тұрғыннан тексеру кезінде полипропилен қаптамаға салынған 2 келі 230 грамм кептірілген марихуана табылды. Ол Беларық ауылынан 10 шақырым жерде қолға түсті. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша күдікті азамат бұған дейін 2009 жылы істі болған екен. Қазір кінәсын толық мойындап, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, өңірде соңғы бір жылда 821 есірткі қылмысы анықталды. Аймақ полицейлері заңсыз айналымнан 2 тонна 252 келі есірткі заттарын тәркілеген. Оның 9 келіге жуығы есірткінің аса ауыр түріне жататын героин, 130 келідейі гашиш. Тәртіп сақшыларының айтуынша, героин еліміздің аумағына Қырғызстан арқылы басқа мемлекеттерден келетін көрінеді.

Алматы облысында көлік ұрлаушы ұсталды

лматы облысының полицейлері автокөлік ұрысын қылмыс үстінде қолға түсірді. Күдікті Қарабұлақ ауылындағы дүкендердің бірінің алдында тұрған темір тұлпарды айдап кеткен. Көлігін қалдырған орнынан таппаған жәбірленуші бірден ауданның тәртіп сақшыларына хабар береді. Жедел шара қолданылып, күдікті адам бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды. Ол алғашында көлік ішіне жасырынып, кейін тастай қашқан. Анықталғандай заңбұзушы 23 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны болып шықты. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ал, ұрланған БМВ автокөлігі иесіне қайтарылды. 

Павлодар облысында үш көлік мұз астына кетті

Павлодар облысында үш бірдей көлік мұз астына кетті. Оны әлеуметтік желілерде тарап кеткен мына бейнетүсірілімнен көруге болады. Белгісіз ер адамның айтуынша, бірінші «Нива» автокөлігі суға кеткен. Оны автокран шығаруға көмекке келген. Бірақ ауыр салмақтан мұз жарылып, өзі де суға батты. Кейін жәрдемге шақыртылған Камаз жүк көлігі де дәл осылай мұз құрсауында қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көліктерді жүргізушілер өз күштерімен алып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы