375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында қар құрсауында қалған 55 адам құтқарылды

  • 348
  • UPD: 18:58, 08.01.2019
Алматы облысында қар құрсауында қалған 55 адам құтқарылды inform.kz

Алматы облысының Сарыөзек-Қоғалы тас жолында қар құрсауында қалған 22 көлік шығарылды.

Кербұлақ аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері 55 адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың 7 қаңтарында қатты жел салдарынан Сарыөзек-Қоғалы тасжолында қар борап, 55 адам мінген 22 автокөлік қар құрсауында қалып қойған. 55 адамның 15-і - бала. Апаттық-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 8 адамы мен жол қызметінің жұмысшылары қатысып, көліктерді қауіпсіз жерге шығарған. Эвакуацияланған жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.

Ал 6 қаңтардан бері боран салдарынан Үшарал-Достық тасжолының 83-184 шақырым аралығы жабылған. Ауа райының күрт бұзылуына орай Алматы облыстық ТЖД мамандары жолға шықпауға кеңес береді. Жол жабылды деген СМС-хабарламаларға құлақ асып, мүмкіндігінше сапарды шегеру керектігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы