389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздағы жарылыстан зардап шеккендер жансақтау бөліміне түсті

  • 1635
  • UPD: 22:54, 11.01.2019

Тараздағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды. Салдарынан 45 және 35 жастағы екі адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал мамандар мұндай жағдайлардың жиілеуіне тұрғындардың салғырттығы себеп дегенді айтады.

Руслан Бақытбекұлы, «Хабар 24» арнасының тілшісі:

- Оқиға №7 мөлтек ауданда мына үйде болған. Қожайындарының айтуынша, бұл пәтердің иелері ас бөлмесінде газ пешке шәй қойып, қараусыз қалдырғаннан болуы мүмкін. Қайнаған шәй тасып, көгілдір отын сөніп қалған. Газ бүкіл бөлмеге тарап, салдарынан жойқын жарылыс болды.

Надежда Муратова, қала тұрғыны:

Әлі өз-өзіме келе алар емеспін. Бастапқыда не болғанын түсінбей қалдық. Үйде балалар бар еді. Жарылыстан құлағым естімей қалды. Жолдасымның айқайын да естімеппін. Есімді жисам, оның үсті жанып жатыр. Әрең өшіріп алдым.

Абырой болғанда, адамдар аман. 45 және 35 жастағы екі адам жансақтау бөліміне түсті. Денелерінің 15% күйіп қалған. Тыныс жолдары мен қол, мойын тұстарын күйік шалған. Науқастардың жағдайына қатысты дәрігерлер былай дейді.

Әбілсейіт Сыдықов, Дене күйік бөлімінің меңгерушісі:

- Алкогольдік ішімдік ішкендері сырт пішіндерінде байқалған жоқ. бірақ екеуінен де сараптамалар алынды. Өңештері күйіп қалған. Қазіргі жағдайы науқастардың бірқалыпты. Бүгінге орташа дәрежелі болып саналады.

Жалпы Жамбыл облысында улы газдан улану оқиғасы көбейген. Жылыту маусымы басталғалы бері өңірде 22 оқиға тіркелген. 35 адам зардап шегіп, 9 адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сәйкес алдыңғы жылдармен салыстырғанда улы газдан зардап шеккендер саны 45 пайызға өсіп отыр. Мамандар алдын алу, тексеру, түсіндіру кезінде бірқатар кедергілер бар деп отыр

Қайрат Оразбаев, қалалық ТЖБ бас маманы:

- Көбінесе ішіне үйіне кіргізбейді. Есіктерін ашпайды. Былай қарағанда бір 20% болады ғой. Біз аралағандардың ішінде кемшіліктер табылған болатын. Енді біз кіріп айыппұл салуға заңда қарастырылмаған.. Осындай ережелерді сақтамайды, қарамайды деп. Сол кезде халыққа түсіндіріп салуға болады.

Аймақ мамандары 100 мыңға жуық үйді аралап, 300 мыңнан астам адамның қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. 1500-ге тарта арнайы рейд ұйымдастырылды. Бірақ бұдан нәтиже болмай тұр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы