375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау-Орал жолында адам өліміне апарып соқтырған жол апаты болды

  • 610
  • UPD: 18:52, 12.01.2019
Атырау-Орал жолында адам өліміне апарып соқтырған жол апаты болды

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша оқиға таңертең болған.

Қос жеңіл автокөлік соқтығысқан. Салдарынан 32 жастағы жүргізуші көз жұмды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға куә болған тұрғындар жол апатының Атырау облысына қарасты Алмалы ауылы тұсында болғанын айтады. Автокөлікте болған 2001 жылғы қыздың жағдайы ауыр. Оған операция жасау үшін ата-анасы іздестіріліп жатыр.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы