378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

  • 241
  • UPD: 16:17, 14.01.2019
БҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды inform.kz

Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ВАЗ-2110» автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, «Рено Логан» автокөлігіне соғылған. Салдарынан жүргізушінің бір оқиға орнында көз жұмды.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқиға Теректі ауданы Подстепный ауылынан Барбастауға қарай барар жолда болды. Жедел жәрдем сағат 10.21-де шақырылып, екі бригада бес минуттан кейін жеткен.

1994 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмса, 1995 жылғы қыз бен 1971 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 1963 жылғы ер адам мен 1971 жылғы әйел өздігімен медициналық қызметке жүгінген. Қазір қыз бала жансақтау бөлімінде, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 12 қаңтар күні боранға байланысты облыста жолдардың жабылғанын, ал Атырау-Орал жолында жол апатынан 32 жасар жүргізушінің қайтыс болып, 5 адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы