384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда түнгі клуб күзетшісі адамды пышақтап өлтірді

  • 892
  • UPD: 11:02, 17.01.2019
Алматыда түнгі клуб күзетшісі адамды пышақтап өлтірді

Алматыда түнгі клубтардың бірінде кісі өлімі тіркелді. Аталған мекеменің күзетшісі мас күйінде өзінің танысын пышақтаған.

Қалалық полиция көңіл көтеру орнының басшысы, «Голд Люкс» ЖШС директоры  Райымбек Биқалиевті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған ҚР ӘҚбК 493-бабының 3-бөлімімен 50 500 теңге  айыппұл салынды.

«Клуб иесі күзетшіні жұмысқа  қабылдау кезінде селқостық танытқаны үшін жазаланып отыр. Бұл адам бұрын сотталған болып шықты. Осылайша ол келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек түгілі олардың өміріне қауіп төндірген. Соның кесірінен адам өліп отыр. Бірнеше күн бұрын күзетші ішімдік ішіп алып, өзінің танысымен жанжалдасып, артынан пышақтап тастаған. Ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев. Сонымен қатар, құзырлы органдар аталған демалыс орнының орналасуынан да заңбұзушылықтар тапты.

 

Хабар 24 телеарнасы