377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемен тұрғыны газдан уланып көз жұмды

  • 219
  • UPD: 11:52, 13.02.2019
Өскемен тұрғыны газдан уланып көз жұмды

Өскемен тұрғыны газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Полицейлерге қала тұрғыны күйеуінің жоғалып кеткенін айтып, шағымданған. Полицейлер іздестіру нәтижесінде азаматтың өлі денесін көліктен тапқан.

33 жастағы әйел қоңырау шалып, көлігімен үйінен шығып кеткен 38 жастағы күйеуінің жоғалып кеткендігін хабарлады, - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Ал азаматтың денесі 11 ақпан күні көліктен табылды. Алдын ала мәлім болған ақпараттарға сәйкес қолданылған газдан улануы мүмкін.

Бұл жағдайға қатысты «Өзіне қол жұмсау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді департамент қызметкері.

Хабар 24 телеарнасы