378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

  • 241
Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап кетті soldierweapons.ru

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам мінген лифт құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 13 ақпанда кешкі уақытта Алатау ауданындағы Алғабас-6 ықшамауданында болған.

– Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. ТЖ салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тапты. Қазіргі уақытта соталды тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, - деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері. Оқиға мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйде болған. 2016 жылы бұл ықшамауданда тұрғын үй бір жағына қарай қисайып, тұрғындар дереу эвакуацияланған.

Хабар 24 телеарнасы