378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында қалың қар астында мал қырылды

  • 337
  • UPD: 14:32, 21.02.2019
Қызылорда облысында қалың қар астында мал қырылды yandex.by

Жанақорған ауданында уақ мал 2 күн бойы толассыз жауған қар астында қалып қойған.

Төтенше жағдайлар қызметінің СМС-ескертпесіне қарамастан шопандар мың жарым қой-ешкіні жайлауға қарай көшірген. Қаратауға өрлеген уақ мал 1 метрлік қалың қарға омбылап, көш тоқтаған. Шаруа қожалықтары қазір жоғалған түліктерін түгендеу үстінде. Болжам бойынша 200-ден астам уақ мал қырылған көрінеді. Шығынның нақты есебі қар ерігесін белгілі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы