375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда 55 жастағы ер адам өрттен қаза тапты

  • 188
  • UPD: 10:22, 25.02.2019

Петропавл қаласында 55 жастағы ер адам өрттен қаза болды. Оның денесі отқа оранған екі пәтерлі үйдің ішінен табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынған дерекке сүйенсек, бұл жерде түрлі құрылыс нысандары тығыз орналасқандықтан тілсіз жауды тез арада сөндіру қиынға соққан.

Өртті өшіруге 4 техника 16 адам тартылған. Ақырында екі пәтерлі үйдің бір жағы толық жанып кетті. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында жыл басталғаннан бері 109 өрт оқиғасы болды. Соның салдарынан 7 адам мерт болып, 5-уі түрлі жарақат алған.

Қостанай-Рудный трассасы бойында автобус жол апатына ұшырады. Қоғамдық көлік жеңіл машинамен соқтығысып қалған. Абырой болғанда, жарақат алып, зардап шеккендер жоқ. Екеуі де Затобол кентіне қарай бір бағытта кетіп бара жатқан. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамағандықтан алдында келе жатқан көлікті соққан. 

Қостанай облысында полиция қызметкерлері қысқа мерзімде екі ұрлықтың бетін ашты. Рудныйда ер адам дүкен кассасынан ашық түрде ақша жымқырып кеткен. Бірақ ол із жасырып үлгірмей, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Екінші ұрлық Қостанайда болды. Екі ер адам Садовый көшесіндегі көп қабатты үйдің бір пәтерін үптеп кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер анықталып, қамауға алынды. Қазір бұл оқиға бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы