378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары ұстаған адамнан сұйық есірткі табылды

  • 240
  • UPD: 12:31, 03.03.2019
Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары ұстаған адамнан сұйық есірткі табылды

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері шприцпен жүрген нашақорды қолға түсірді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметінше, оқиға 1 наурыз күні «Солтүстік-шығыс» шағынауданында орын алды. Құрамында кіші сержант Ағатай Әжіқанов (топ басшысы), қатардағы жауынгерлер Исламбек Сариев пен Сангин Маккамов бар топ «Шаңырақ» балабақшасының жанындағы гараждар маңында жүрген күдікті жас жігітті байқайды. Ұлттық ұлан жауынгерлерінен бой тасаламақ болған тұрғынды құжаттарын тексеру үшін кідіртіп, қараған кезде оның күртесінің қалтасынан шприц пен сұйық есірткі табылды. Күдікті одан әрі тексеру үшін Орал қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Қырағылық көрсетіп, өз қызметтерін кәсіби атқарғаны үшін аталған жауынгерлер 5517-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы