379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқару кезінде қаза тапты

  • 405
  • UPD: 23:24, 22.03.2019

Кеше кешкісін Атырауда полиция қызметкері суға батып бара жатқан қызды құтқару үстінде өзі қаза тапты.

Арыстай азаматтың оқыстан болған қазасына бей-жай қарай алмаған қала халқы бүгін Жайық өзенінің жағасына жиылып, оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ  марқұмның әріптестері, достары, туыстары мен жақындарына облыс әкімі де арнайы келіп көңіл айтты.

Қайтыс болған полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев 1 сәуір күні 25 жасқа толар еді, әлі үйленіп те үлгермеген. Отбасының жалғыз асыраушысы Ақымғалиев Шалқар Көшкібайұлы көп балалы отбасында тәрбиеленген. Оның құқық қорғау органдарында қызмет етіп келе жатқанына 5 жыл болған. Ал өзін өлімге байлап, көпірден секірген әйелді оқиға орнында болған екінші полицей Рүстембек Сүндетов құтқарып қалды. Шалқардың батыл әрекеті бүкіл құқық қорғау органдары қызметкерлеріне үлгі. Полиция департаментінің жеке құрамы мен аймақ басшылығы қайтыс болған азаматтың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажет көмек көрсететін болады.

Хабар 24 телеарнасы