378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан 171 км қашықтықта жер сілкінді

  • 146
  • UPD: 09:42, 02.04.2019
Алматыдан 171 км қашықтықта жер сілкінді Liter.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық станциялар желісі 2 сәуір күні 7 сағат 41 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 171 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.2. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы