379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қыз баланың үстіне шіріген ағаш құлады

  • 182
  • UPD: 09:02, 05.04.2019
Павлодарда қыз баланың үстіне шіріген ағаш құлады

Павлодар қаласының тұрғындары шіріп кеткен ағаштардың жиі құлауына алаңдаулы. Осылайша азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр.

Жуырда теректің бір бұтағы бойжеткеннің үстіне түскен. Салдарынан студентке медициналық қызмет көрсетілді. Әзірге бойжеткен коммуналдық қызметке немесе пәтер иелері кооперативіне шағым түсіру туралы ойланып жатыр.

Эльмира Базарбаева, облыстық жедел жәрден станциясының фельдшері:

- Оның үстіне бұтақ құлаған. Оған бас-миының жабық жарақаты диагнозы қойылды. Қазіргі таңда денсаулығы жақсы.

Әлима Нұрлан, қала тұрғыны:

- Оқудан келе жатыр едім. Кенет басыма ағаш құлады. Басым шайқалып, жедел жәрдем қызметін шақырттым. Қазіргі уақытта басым ауырып тұр. Көшеде жүргенде абай болу керек.

 Алматы облысында жыл басынан бері 100 адам жол апатынан қаза тауып, 700 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Жол-көлік оқиғаларының 73 проценті жергілікті, қалғаны республикалық маңызы бар тас жолдарда болған. Осыған байланысты өңір полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс шарасын ұйымдастырып, барлық жолдардағы бақылауды күшейтті. Мұндағы басты мақсат – жазатайым оқиғаларды азайту.  

Марат Күштібаев, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- 2 сәуірден 15 сәуірге дейін Алматы облысында жедел кеңес өткізіп жатырмыз жол-көлік оқиғасына байланысты. Бұл шараларға өзіміздің қоғамдық бірлестіктерді, барлық журналистерді, барлық қоғам мүшелерін, ең біріншіден, жүргізушілерді тәртіпке шақыру үшін осындай белсенді адамдардың бәрін жұмылдырып, осындай үлкен аумақты шара өткізіп жатырмыз бүгінгі таңда. 

Ақсу қаласының тәртіп сақшылары көп қабатты үйдің тұрғындарын ажалдан құтқарды. Баспананың бірінші қабатында өрт шығып, қою түтін пәтерлердің ішіне тараған. Оқиға орнына кіші сержант Саттар Бақберген мен кіші лейтенант Асқар Арынов дереу жетіп, түтінге тұншыққан тұрғындарды сыртқа шығарды. Зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда олардың өміріне еш қауіп жоқ.  Шаһарда тағы бір оқыс оқиға болды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бесінші қабаттың терезесінде сәбидің тұрғанын байқаған. Елордалық Дастан Егінбаев пәтер есігін бұзып кіріп, баланы терезеден түсіріп алды. Осы сәтте кішкентай бала әпкесімен бірге үйде жалғыз болған.

Жанна Белялова, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

- Оқиға орнын жеткен тәртіп сақшылары жағдайды бағамдап, жедел әрекет етті. Нәтижесінде бесінші қабаттан түтінге тұншыққан төрт Баланы сыртқа шығарды. Сонымен қатар, жүре алмаған қарт азаматшаның өміріне араша болды.

Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секірді. Сырдарияның қос жағалауын жалғайтын биіктігі 15 метрлік өткелден өзенге құлаған өрімдей өрен өз өмірімен қоштасқысы келген. Хабарлама түсісімен көмекке асыққан құтқарушылар ағыспен арпалысқан азаматшаны жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Төтенше жағдай қызметінің мамандарының айтуынша өткен жылы да осы көпірден адам секіріпті. Соңғы 3 жылда суицидтің 5 дерегі тіркелген.

Бақыт Ембергенов, оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы:

- ТЖД бастығы полковник Бержанов бастаған департамент тобы басында жұмыс атқарды. Биылға 1-жағдай болып тұр суицид. Не жағдай болғанын тергеу амалдарын жасайды ішкі істер органдары.

Хабар 24 телеарнасы