379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда шағын автобус өртенді

  • 155
  • UPD: 10:42, 10.05.2019
Петропавлда шағын автобус өртенді

Петропавлда шағын бағдарлық автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, автобус өртене бастағанда салонда жолаушылар отырған. Олар сыртқа шығып үлгерген.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген.

Өрт сөндірушілер тез жеткенімен шағын автобус толық жанып кетті. Өрт сөндірілді, қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Жолаушылар тасымалы саласындағы сапа мен автобус паркін жаңарту қалалық және облыстық әкімдікте жиі талқыланады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таяуда ғана Петропавл әкімі Болат Жұмабековке қоғамдық көлік мәселесімен айналысуды тапсырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы