384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

  • 510
  • UPD: 14:17, 24.05.2019
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды news.sevas.com

Түркістан облысы Келес ауданында 23 маусым күні жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Отырар.

Аталмыш жайт, Келес аудандық полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тіркеуге алынды.

Полицейлердің айтуынша, «Жетісай-Жібек жолы» бойында жол апаты орын алып, Шымкент бағытына қарай бет алған «Ауди-100» маркалы көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, KIA маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан 3 жолаушы оқиға орнында мерт болып, 1 адам ауруханада көз жұмды. KIA маркалы автокөлігіндегі 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті азамат қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы