378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

  • 135
  • UPD: 15:12, 03.06.2019

Қостанайда қатты желдің екпінінен саябақта батут аударылып, балаларды басып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзындығы 8, биіктігі 3 метр болатын аттракцион 10-12 адамға шақталған. Ауа райы бұзылған сәтте иелері оның ішіндегі желді шығарып жинауға әрекеттенген. Бірақ үлгіре алмай, аударып алыпты. Дәл осындай оқиға Әуежай шағын ауданындада тіркелді. Күшті жел батутты бірнеше метрге ұшырып әкеткен. Қазір төтенше жағдай мамандары арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізуге кіріскен.

Жол апатынан екі адам көз жұмды

Екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді. Алматы облысы Талғар тас жолындағы жол апатының салдары осындай. ZAZ маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойотамен» соқтығысқан. Жойқын соққы жапондық темір тұлпардың жолаушылар отыратын тұсына тиді. Екі көлік жан-жаққа ұшып, күл-талқаны шықты. Оқыс оқиғаның нәтижесінде «Тойотаның» екі жолаушысы бас-сүйегінен қатты жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Тірі қалған қос көліктің жүргізушісі мен бір жолаушының хал-жағдайы ауыр. Олар ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Алматыда мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алды

Алматыда мотоцикл жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол апаты Аносов көшесінде тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, мотоцикл мен «Мицубиси» көше бойымен бір бағытта бірге қозғалып бара жатқанда мотоцикл көлікті озбақ болады. Бірақ сол мезетте «Мицубиси» солға қарай бұрылып, жылдамдығын үдеткен екі дөңгелекті техниканы соғады. Жүргізуші жерде құлап жатқанда мотоциклы тұрақтағы «Хюндаймен» соқтығысып, жол жиегіне ұшып кетеді. Апат салдарынан дене жарақатын алған мотоцикл иесі жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді.           

Тұрақтағы көлік өртенді

Елорда әуежайындағы автотұрақта жеңіл көлік отқа оранды. Қызыл жалынмен күреске 2 техника мен әуежайдың өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің жеке құрамы жұмылдырылды. Өрттің шығуына жанармай сорғыштағы қысқа тұйықталу себеп. Өрт кезінде темір тұлпар жанында иесі мен электрик болды.

Хабар 24 телеарнасы