384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы ауылды жабайы қабан аралады

  • 83
  • UPD: 12:11, 07.06.2019

Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауылына жабайы қабан кіріп кетті.

Малдарын өріске шығарып жатқан тұрғындар «мезгілсіз келген қонақтан» қорқып, хабарласқан. Автокөлікке шапқан қабанның адамдарды жазым етуі мүмкін еді. Сондықтан оны полиция қызметкерлерінің ауылдан айдап шығаруына тура келді.

Қарағандыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап үш адам түрлі жарақат алды. Біреуінің жағдайы аса ауыр. Жол-көлік оқиғасы Октябрь ауданы маңында тіркелді. Попов көшесімен қозғалған «Ауди» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Қарағанды-Теміртау бағытындағы автобус ішінде 31 жолаушы болды. Аталмыш факт бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Алматыда жеңіл және жүк көліктерінің соқтығысуынан бір адам зардап шекті. Оқыс оқиға Жаңажол мен Саин көшелерінің қиылысында болды. Toyota Camry апаттық жағдай тудырып, JAC жүк көлігіне соқтығысты. Апат салдарынан жапондық көліктің жүргізушісі зардап шегіп, түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын полиция анықтайтын болады.

Семейде «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы кезінде заңсыз этил спиртін сату фактісі әшкере болды. Полицейлер Бөгенбай көшесінде тұратын 1985 жылы туған азаматтың үйін тексеру кезінде 120 литрлік 7 платмасса бөшке мен 25 литрлік канистра тапты. Қазір сұйық зат сараптамаға жіберілді. Оның қортындысы шыққан соң, іс мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті. «БМВ» жүргізушісі көлік әйнегіне күннің шағылысуынан әйелді байқамай қалған. Зардап шеккен кісі бас және аяқ жарақатымен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Жергілікті тұрғындардыің айтуынша, бұл жерде жол апаты жиі болады. Олар Еңбекші аудандық әкімдігіне жасанды кедергілерді орнату үшін бірнеше рет жүгінген. Жаяу жүргіншілер жолағы қайта жаңартуды талап етеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жүк тиегіш трактор мен автокөлік соқтығысты. Оқиға Мамлют ауданындағы Белое елді мекенінің жанында болған. Көлік жүргізушісі де, қасындағы төрт жолаушы да аман қалды. Жол-көлік апатына қатысты «Автокөлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануды бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы