384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 1,5 жасар сәби ваннадағы суға батып көз жұмды

  • 634
  • UPD: 15:42, 07.06.2019
Қарағандыда 1,5 жасар сәби ваннадағы суға батып көз жұмды

Қарағандыда ваннада шомылып жатқан бір жарым жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 5 маусымда болған. Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінде жуынатын бөлмеде 2018 жылғы кішкентай қыз бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға кезінде үйде баланың әкесі болған.

«Бұл факті ҚК-нің 141-бабы 2-бөлімі бойынша (Абайсызда бала өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау) тіркелді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде. Қазір аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы