383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

  • 316
  • UPD: 13:19, 24.06.2019
Арыстағы жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс елді мекенінің жанында орналасқан ҚР ҚК-нің қару-жарақ қоймасының бірінде оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласты.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы атынан оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілді. Қарулы күштеріндегі жеке құрамның күштерімен оқиғаның салдарын жою іс-шаралары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы