384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңіз вахталық мекеніндегі бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

  • 223
  • UPD: 18:41, 29.06.2019
Теңіз вахталық мекеніндегі бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Теңіз вахталық елді мекеніндегі бұзақылық фактісі бойынша Атырау облысының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінен мәлім етті. «Ішкі істер органдары қызметкерлері жанжал кезінде болған адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша жағдай тұрақталды» делінген таратылған мәліметте.

Осы орайда Ішкі істер министрлігі шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралуына жол бермеу бойынша кеңес беріп отыр. «Ол жерде қауіпсіздікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде. Жағдай тұрақты және ішкі істер органдарының бақылауында», - деп нақтылады ведомство баспасөз қызметінен.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы