384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында бүлдіршін арықтағы суға батып кетті

  • 140
  • UPD: 13:33, 13.07.2019
Түркістан облысында бүлдіршін арықтағы суға батып кетті

Түркістан облысында үш жасар қыз арыққа батып кетті. 

12 шілде күні сағат 22:30-да Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылында жеке үйге жақын маңда ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылғы бүлдіршін су ағатын арыққа құлап түсіп, батып кетті.

«Құрметті азаматтар, ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Су айдындарында, жолда, үйде балалардың жүріс-тұрысын қадағалап, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер. Қас-қағым сәтте оларды жалғыз қалдырсаңыздар, өмірлеріне қауіп төнуі мүмкін», - деп ескертті ТЖК.

ҚР ІІМ ТЖК

Хабар 24 телеарнасы