384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты

  • 173
ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты NewTimes.kz

KAZ Minerals мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03:00 шамасында «Востокцветмет» ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облысы бойынша Корпоративтік байланыстар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тау-кен массасының опырылуы салдарынан Орлов шахтасының бекітушісі қатты жарақат алып, қайтыс болды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның өміріне еш қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы