386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында алты жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті

  • 155
  • UPD: 10:44, 24.07.2019
Қарағанды облысында алты жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті sb.by

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында алты жасар бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 шілде күні Сәтбаев қаласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Биылғы жылы бұл Қарағанды облысында тіркелген 11-інші жағдай.   Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері балалардың терезелер мен балкондардан құлап кетуіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау;

- бала терезеге көтере алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезеден ары қарай жылжыту;

- ешқашан москит торына сенім артпаңыз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

- терезеге балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер орнатыңыз;

- терезелерге немесе терезе ойықтарына торлар орнатыңыз;

- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балалармен әңгіме жүргізіңіз;

- егер бекіткіш құрылғы немесе тор орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастаңыз да, оны қажет болған жағдайда ғана пайдаланыңыз.

Хабар 24 телеарнасы