386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жеке тұрғын үй отқа оранды

  • 199
Шымкентте жеке тұрғын үй отқа оранды

Шымкентте өрт сөндірушілер жанып жатқан құрылыстан элиталық көгершіндерді құтқарып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық ТЖД пультіне Еңбекші ауданы Қаратөбе тұрғын алабындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар жеке тұрғын үй ауласында жалпы ауданы 240 шаршы метр өрттің болғанын анықтаған. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 26 адам және 6 бірлік техника жұмыс істеп, оттан 4 бас ірі қара және 80 үй құсы құтқарылды.

Зарипа Тұрысбекова, қалалық ТЖД бас маманы:

– Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығындар қазіргі таңда анықталуда. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы