386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ер адам 80 келі марихуанамен ұсталды

  • 140
  • UPD: 08:37, 03.08.2019

Солтүстік Қазақстандық тәртіп сақшылар есірткі затын сатты деген күдікпен 46 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Жедел-іздестіру шарасы барысында «Жезқазған - Петропавл» бағытындағы тас жолдың 246-шақырымында полицейлер тоқтатқан «Ниссан Кашкай» автокөлігінен 4 қап өсімдік тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша ол 80 келі марихуана және 88 грамм гашиш есірткісі екендігі анықталды.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Жалпы жыл басынан бері өңірде 200 келіден астам есірткі заты тәркіленген екен. Ал оның 112 граммы героин.

Хабар 24 телеарнасы