386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО мен Ақмола облысында дала өрті өршіді

  • 126
  • UPD: 23:20, 10.08.2019
ШҚО мен Ақмола облысында дала өрті өршіді

Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында дала өрті өршіп тұр.

«9 тамыз күні сағат 20:00-де Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне Күршім ауданы Құйған ауылынан 15 шақырым жерде далалы алқап өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шамамен 800 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Департамент жанынан жедел штаб құрылып, тілсіз жауды ауыздықтауға 39 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сондай-ақ 9 тамыз күні сағат 10:20-да Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округінің Масақпай мал жайылым учаскесіндегі дала өрті туралы хабарлама түскен. Мұнда 280 гектарда құрғақ шөп тұтанған.

«Өртті сөндіруге облыстың төтенше жағдай қызметінің жеке құрамынан 52 адам және 12 техника, орман шаруашылығы қызметінен 14 адам және 3 техника, жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құрылымдарынан 120 адам және 22 техника тартылды» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы