387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында демалыс күндері 3 рет жер сілкінді

  • 163
  • UPD: 13:43, 19.08.2019
Алматы облысында демалыс күндері 3 рет жер сілкінді

Соның екеуі Панфилов ауданының аумағында тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріншісі таңғы 05:00-те Жаркент қаласында болды. Оның күші 4-5 балға жетсе, екіншісі сезілмеген. Ал 2-3 балдық үшінші зілзала Қапшағай қаласының маңында болған. Осы оқиғаларға байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Жаркентте жедел штабтар құрылып, жұмыс істеді.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Жер сілкінісі туралы хабар келіп түсе салысымен жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті, прокуратура, «Қазселденқорғау» және басқа да мекемелер құлақтандырылды. Белгіленген ақпаратқа сәйкес Панфилов ауданында және Алматы облысының басқа да аудандарында жер сілкінісі салдарынан ешқандай қирағандар және зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы