389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында қалааралық автобус жыраға құлап, 10 адам зардап шекті

  • 192
  • UPD: 12:02, 29.08.2019
Қарағанды облысында қалааралық автобус жыраға құлап, 10 адам зардап шекті ktk.kz

Қарағанды облысының Сарышаған кентіне жақын маңда қалааралық автобус аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам зардап шекті.

Оқиға 28 тамыз күні Алматы-Екатеринбург тасжолының 70-шақырымында (Балқаш қаласы) болған. 61 жастағы «Сетра» автобусының жүргізушісі Қарағандыға келе жатып, айналма жолдан түсу кезінде автобустың жыраға құлап кетуіне жол берген. Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Жол апатынан түрлі жарақат алған 31 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.

«Алматы – Екатеринбург тасжолында автобустың аударылуы салдарынан 10 адам зардап шекті. Сарышаған кенті, Балқаш қаласы және Апаттар медицинасының жедел жәрдем бригадалары көмек көрсетті. 9 адам сырылған және соғылған жарақаттар алған. Олар қажетті көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. 1988 жылғы әйелдің бас - сүйек миы шайқалып, омыртқасы жарақаттанды. Ол Балқаш орталық ауруханасында жатыр. Өміріне ешқандай қауіп жоқ»,  – деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гуля Багаудинова.

Қазір аталған жағдай бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы