387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында құлдыққа түскен адам құтқарылды

  • 109
  • UPD: 11:29, 05.09.2019

Қарағанды облысы Жаңаарқа полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы ер адамнан 2015 жылдың тамыз айынан бері 51 жастағы ер азаматты Жаңаарқа ауданында орналасқан қыстақтардың бірінде заңсыз ұстап отырғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Полицейлердің қатысуымен өткен шара барысында аталмыш азамат полиция бөліміне жеткізілді. Сауал барысында анықталғандай, 51 жастағы ер адам 2012 жылы әйелімен ұрысып, үйден кетіп қалған. Содан кейін алкогольді ішімдікке салынып, Қарағанды қаласының Майқұдықта тұрғанын және онда ол «Тілеген» есімді адаммен танысып, жоғарыда көрсетілген қыстаққа жұмыс істеуге барғанын  айтқан. Алайда, ол өз еркімен жұмыс істеуге келгенімен,  артынша оны жібермей ұстап отырған. 

Жанатай Сембеков, облыстық ПД ресми өкілі: 

- Шағымданушының көрсеткен фактілерін жанжақты текргеу мақсатында қылмыстық кодекстің 126-бабы 1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс министрліктің және департамент басшылығының бақылауында. 

Солтүстік қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері мен полицейлер аса ірі көлемде есірткі сатпақ болған күдіктілерді қолға түсірді. Жүргізілген арнайы операция барысында қала шетіндегі саяжай учаскелерінің бірін тінту барысында тәртіп сақшылары 4 келі марихуана мен 1 килограмм гашиш тәркіледі. Ал арам ойларын жүзеге асырмақ болған 1979,1985 жылы туған күдіктелірдің екеуінің де осыған дейін сотты болғандығы анықталды. Жалпы жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 200 келіге жуық есірті заты алынды. Оның 112 граммы героин, 700 грамнан астамы сентетикалық есірткі. 83 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Данабек Үдербаев, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі:

- Осы факті бойынша Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің 297 бабының 3-бөлімімен көзделген  қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетсек, ұсталғандар, есірткі өткізгендігі үшін үстіміздегі жылы маусым айында бас бостандығынан айыру орнынан ұқсас қылмыс үшін жазаларын өтеп, босап шыққан.  

Атырау-Орал тасжолында «Тойота» автокөлігі жылқыны соққан уақытта көлік ішіндегі жолаушылар жарақаттанған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар, алты адамды көліктен шығарған. Оның екеуі бала. Ауруханаға екі адам жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Өз кезегінде полицейлер ауыл тұрғындарына үй жануарларына түңгі уақытта жарық шағылыстыратын таспа ілуді ескертті. 

Петропавлда жолды  рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ананы екі баласымен бірге көлік қағып кетті. Оқыс оқиға орталық көшелердің бірінде болған. Абырой болғанда жаяу жүргіншілер қатты зардап шеккен жоқ. Қазір аталған фактіге қатысты материалдар жинақталуда. Жалпры жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында белгіленбеген жерден өткен 5523 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, оларға 159 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп, үш жаяу жүргіншіні ауруханаға жеткізген болатын. Содан кейін олардың денсаулықтарын тексеріп, денсаулықтары жақсы болғаннан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен осы жол көлік оқиғасына байланысты материал жиналуда.  

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет орталығындағы бүлдіршіндерге зорлық-зомбылық жасалды деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін облыста  құрамында полиция, прокуратура және әлеуметтік сала мамандары бар сараптамалық комиссия құрылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында түсірілген бұл бейне түсірілімде жасөпірімдер өздеріне қамқор болуы тиіс мамандар зәбір көрсетіп, тіпті сексуалды әрекеттерге баратындары туралы айтылған. Бейнежазбаны тергеу органдары жіті тексеріп жатыр.  Ал балалар сот-медициналық сараптамадан өткізіліп, психологиялық кеңестер берілуде. Келеңсіз жағдай бойынша тергеу-тексеру дұрыс жүру үшін өңірдегі құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері де өз қадағалуына алды. 

Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары: 

- Қазір бірқатар сот-медициналық және психологиялық сараптама жасалып жатыр. Оның алғашқы нәтижелері қыркүйектің 13-де дайын болады. Тергеу-тексеруге сәйкес әлеуметтік орталықтың директоры қызметінен аластатылды. Ал осы мәселе бойынша облыстық  әлеуметтік басқарма басшысы облыс басшылығын уақыты хабардар етпегендіктен оның қызметі төмендетілді.

Хабар 24 телеарнасы