385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда өрттен 78 жастағы кейуана қаза тапты

  • 124
  • UPD: 16:16, 06.09.2019
Петропавлда өрттен 78 жастағы кейуана қаза тапты

Петропавлда түн ортасында тұрғын үйлердің бірі өрттеніп, оқиға орнынан өрт сөндірушілер үй иесінің жансыз денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға туралы хабар Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметіне бүгін таңғы 03:30 шамасында түскен. Өрт сөндірушілер Петропавл қаласы, Союзная көшесі 31-үй мекен-жайы бойынша жеткенде баспананың түтінге оранып, ішкі қабырғалары мен төбесінің лапылдап жанып жатқанын көрген. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан үй иесі 1941 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Бір сағатқа жуық жалынмен арпалысқан мамандар оны тек бір сағаттың ішінде ғана толық сөндіре алды. Өрт салдарынан үйдің және қосалқы ғимараттың шатыры толық жанып кетті. Үй иесінің жеке заттары зардап шеккенімен өрт сөндірушілер жиһаздарды аман алып қалды. Әзірге өрттің неден шыққаны және келген шығын мөлшері белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы