387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда қонақүй маңында газ тиелген көлік жарылды

  • 165
  • UPD: 21:31, 10.09.2019
Түркістанда қонақүй маңында газ тиелген көлік жарылды

Түркістанда жүк көлігі өртеніп, ондағы үш тонналық газ цистернасы жарылды.

ЗИЛ автокөлігі қонақ үйдің аумағындағы тұрақ ішінде тұрған екен.

Жойқын жарылыстан мейманхананың шатыры отқа оранды. «Жалын 1400 шаршы метр аумаққа тарады», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті. Құтқарушылардың айтуынша, жапа шеккендер жоқ. Оқыс оқиға бүгін кешкі сағат 19:00 шамасында болған. Өртті сөндіруге 70 маман мен 14 техника тартылған.

Хабар 24 телеарнасы