389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада ауыл маңынан есірткі алқабы анықталды

  • 196
  • UPD: 14:14, 17.09.2019
Қызылордада ауыл маңынан есірткі алқабы анықталды kyzylorda-news.kz

Қызылорда облысында сора өсірген 35 және 36 жастағы екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Олар Жаңақорған ауданына қарасты Түгіскен елді мекенінен 45 шақырым жердегі алқапқа есірткі өсімдігін еккен. Бұл орынды полицейлер «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

«Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс жүргізді. Аталмыш шара барысында заңмен тыйым салынған 228 түп сора өсімдігіне ұқсас шөп, кептірілген 74 түп және 80 қапқа салынған есірткі заты тәркіленді. Олардың жалпы салмағы 370 келіні құрады. Сонымен қатар, оқиға орнынан тіркеуде жоқ 2 тегіс ұңғылы қару алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары Алматы облысы және Қызылорда қаласының 35 және 36 жастағы 2 тұрғыны қолға түсті. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы