389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда полиция қызметкері өзіне қол салды

  • 247
  • UPD: 11:04, 20.09.2019
Павлодарда полиция қызметкері өзіне қол салды old.baq.kz

Павлодарда полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24»

34 жастағы Руслан Оспановтың денесі қаладағы көп қабатты үйлердің жанындағы гараждан табылды. Құқық қорғаушы асылып қалған.

Руслан Оспанов Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталып, тиісті сараптама тағайындалған.

Полиция майоры құқық қорғау саласында 12 жыл қызмет атқарыпты. Марқұмның артында бір баласымен жүкті әйелі қалды.

Хабар 24 телеарнасы