389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында заңсыз митинг ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

  • 303
  • UPD: 19:59, 21.09.2019
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында заңсыз митинг ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

Құзырлы органдардың ескертуіне қарамастан арандатушылардың ықпалына ілескендер бар. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, олардың кейбірі жол қозғалысына кедергі келтіріп, бейбіт тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірген.

Республика даңғылының бойында рұхсат етілмеген митинг өткізбекші болғандарға прокуратура өкілдері бірнеше рет ескерту жасап, тарауларын сұрады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде тиым салынған экстремистік ұйымдарды насихаттап, арандатушылыққа барғандары бар.  

Бақытжан Майлыбаев, қалалық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары: 

- «Қой» дегенге қоймаса оны ары қарай не қылады адамдарды арандатып мына жерде. Зейнеткер адамдар болса оған ешқандай шара қолданбайды.

Заңсыз шеру өткен екі қалада 57 адам ұсталды.  Қазір оларды әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр. Құзырлы орган таратқан ақпаратта полиция қызметкерлеріне қарсы әрекет жасап, заң бұзғандардың бар екені айтылады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарға заңда көзделген шаралар қолданылады-дейді ішкі істер министрлігі.

Алматы қаласының тұрғыны:

- Митинг кезінде барлығы айқайлап, шу көтерді. Әрине қорқынышты болды. Иә, әр адам өзінің ұстанымын айтып, наразылығын көрсетіп, үнсіз қалмағаны дұрыс шығар. Дегенмен, бәрін қиратып, жолды жауып тастау дұрыс емес.

Заңсыз митинг ұйымдастыру әрекеті Алматы қаласындағы Астана алаңында да болды. Митинге шыққандардың қатары көп болмады. Қоғамдық тәртіпті бұзып, заңсыз іс-әрекеттерге үгіттеген бірқатар адамдар полиция басқармасына жеткізілді. Еске сала кетейік, бас прокуратура бұған дейін 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты бірнеше мәрте үндеу жасаған еді. Ішкі істер министрлігі ұсталғандарға қатысты қару немесе басқа да арнайы жабдықтардың қолданылмағанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы