389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында сәби су құйылған ыдысқа құлап кетті

  • 214
  • UPD: 14:42, 24.09.2019
Түркістан облысында сәби су құйылған ыдысқа құлап кетті

Суға түсу маусымы аяқталғанымен қайғылы оқиғалар әлі де болып жатыр.

Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жалын ауылында ата-анасының көзінен таса қалған қыз бала 30 литр су құйылған ыдысқа құлап кеткен.

«2018 жылы туған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр», – деді Владимир Беккер 

Сондай-ақ ол кішкентай балалары бар отбасыларға кеңес берді.

«Біз үйінде кішкентай баласы бар адамдарға абай болыңыздар деп жиі айтамыз. Ата-ана баланы үйде жалғыз қалдырған кезде оған қандай қауіп төнетінін саралай білуі керек. Кішкентай балалар қоршаған ортасын танып-білгісі келгендіктен көп қозғалады. Көзден таса қылсаң, бірдеңені бүлдіріп қоюы мүмкін», – дейді комитет төрағасы.

Хабар 24 телеарнасы