389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жасөспірімдерді интернет арқылы азғырған жігіт ұсталды

  • 179
  • UPD: 22:53, 25.09.2019
Ақмола облысында жасөспірімдерді интернет арқылы азғырған жігіт ұсталды inform.kz

Ақмола облысында жасөсіпірімге интернет арқылы порнографиялық сурет жіберген 22 жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша 2019 жылғы 17 тамызда Ақкөл аудандық ПБ 52 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреудің оның кәмелеттік жасқа толмаған ұлына «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы порнографиялық суреттер мен sms-хабарлама жіберіп отырғанын айтқан.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде Ақкөл қаласының 22 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол әлеуметтік желіде бүркеме атпен тіркеліп, бірнеше жасөспірімге азғындық суреттер мен sms-хабарлама жіберіп отырған», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде күдіктіден қылмысын мойындағаны туралы түсініктеме алынып, үстінен ҚР ҚК 311-бабы бойынша қылмыстық іс қоғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы