387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мас жүргізуші кесірінен екі адам қаза тапты

  • 206
  • UPD: 15:42, 17.10.2019

Алматыда мас жүргізушінің кесірінен екі адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Жантүршігерлік көлік апаты Сейфуллин мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Полицейлердің айтуынша, BMW көлігін тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамай, бар екпінімен Audi көлігін соққан. Онысымен қоймай, тағы екі машинамен түйіскен. Соның салдарынан Аудиде отырған екі жолаушы жан тәсілім етеді. Тағы алты адам ауыр жарақат алды. Кінәлі жүргізуші 1999 жылы Алматы облысында туған екен. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның ішімдікке сылқия тойып алғаны өз алдына, есірткі қолданғаны да анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы