388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы Үркер тұрғын алқабының маңында қамыс өртеніп жатыр

  • 165
  • UPD: 15:18, 20.10.2019
Елордадағы Үркер тұрғын алқабының маңында қамыс өртеніп жатыр blogspot.com

Елордада Есіл ауданындағы Үркер тұрғын алқабының маңында, Қорғалжын күре жолынан 2 шақырым қашықтықта қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінен 16 адам, 4 техника жұмылдырылған. Қалың батпақтың арасында қамыс жанып жатыр. Оған апаратын жол болмағандықтан өртті сөндіру қиынға соғып отыр. Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, өрттен елді мекендерге қауіп жоқ. Кемінде 1000 шаршы метр алаңды өрт шарпыған.

Хабар 24 телеарнасы