387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда әскери қызметкер менингиттен көз жұмды

  • 223
Атырауда әскери қызметкер менингиттен көз жұмды otyrar.kz

Атырауда менингиттен Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери қызметкері көз жұмды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«26 қазан күні әскери бөлімнің фельдшері әскери қызметшіні ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізді. Клиникалық-зертханалық тексерістердің және салалық мамандардың консультацияларынан кейін науқасқа «менингококк инфекциясының күрт асқынатын түрі» алдын ала диагнозы қойылды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген интенсивті терапияға қарамастан, ол 5 сағаттан кейін қайтыс болды», – деп мәлімдеген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері ҚазАқпарат-қа берген сұхбатында.

Алдына ала мәлімет бойынша, сарбаз медициналық қызметке 26 қазан күні жүгінген. Ол әскери бөлімге 16 қазан күні келген.

«Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін комиссия құрды. 27 қазан күні әскери бөлімде эпидемияға қарсы, алдын алу шаралары өткізілді – науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігер қарап шықты, антибиотикопрофилактика басталды. Байланыста болғандардың арасында менингококк инфекциясын жұқтыру белгілері бар тұлғалар анықталған жоқ. Медициналық бақылау жалғасуда», – деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Хабар 24 телеарнасы