432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда жол талғамайтын көлік аударылды

  • 817
Ақтауда жол талғамайтын көлік аударылды

Ақтауда тал түсте жол талғамайтын көлік аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол апаты 29 бен 32-мөлтек аудандарының қиылысында болған. Джип иесі жеңіл көлікпен соқтығысып, қатты соққыдан бірнеше рет аударылып түскен. Алайда ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жеткен жол-патруль полициясының қызметкерлері жол талғамайтын көлік жүргізушісінің кінәлі екенін айтты. Оған әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы