384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіл өзенінен ер адамның денесі шығарылды

  • 152
  • UPD: 11:01, 20.11.2019
Есіл өзенінен ер адамның денесі шығарылды

19 қарашада Ақмола облысы Атбасар ауданы Тельман ауылынан екі шақырым жердегі Есіл өзенінен 1954 жылы туған ер адамның денесі шығарылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, ол мұздың астына түсіп кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті қазір азаматтарға мұз үстімен жүру өте қауіпті екендігін ескертеді. Қарашадан желтоқсанға дейінгі уақытта мұз толық қатпайды.

Хабар 24 телеарнасы