432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды

  • 547
  • UPD: 11:16, 06.12.2019
Астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды

Ақмола облысында астық сақтау қоймасында апат болып, жұмысшы әйел қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше түстен кейін, сағат 15.00 шамасында Жақсы ауданының Қазақ теміржол бекетінің бойында орналасқан астық қабылдау орындарының бірінде болған. Астықты кептіру барысында қабат аралық бетон плита опырылып, астыңғы қабатқа көп көлемде бидай құйылып кетеді. Ал осы уақытта ол қоймада 1973 жылы туған астық тасымалдаушы әйел жүрген. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмады. Мәйітті үйінді арасынан алып шығуға 20 шақты адам мен бірнеше техника жұмылдырылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы