376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Өскемен тас жолында алты көлік соқтығысты

  • 305
  • UPD: 18:56, 07.12.2019
Алматы-Өскемен тас жолында алты көлік соқтығысты

Алматы-Өскемен тас жолында жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тас жолдың 182-шақырымында Toyota Land Cruiser, екі Mercedes-Benz, BMW, Mazda және «Нива» көліктері соқтығысты.

«Барлық көлік Алматыға қарай бет алған, алайда бірінің артынан бірі соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шекті, олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы