375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мектеп оқушысы WhatsApp арқылы баланың еміне жиналған ақшаны жымқырды

  • 173
  • UPD: 23:24, 09.12.2019
Ақтөбеде мектеп оқушысы WhatsApp арқылы баланың еміне жиналған ақшаны жымқырды elements.envato.com

Ақтөбеде мектеп оқушысы алаяқтық жасады деген күдікке ілікті.

Ол науқас баланың еміне жиналған 800 мың теңгеге жуық қаржыны алып кеткен, деп хабарлайды Қазақпарат.

Полиция бұл істі ұзақ уақыт тергеді. Екінші деңгейлі банк қосымшасы арқылы баланың еміне жиналған 790 мың теңге ұрланған. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу әлі жалғасып жатыр.

«Жәбірленушінің баласы туа бітті мүгедек болған. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы емханаға қажетті ақшаны халықтан көмек сұрап жинады. Ота жасауға қажетті қаржы жоғалған кезде арыз түсірді. Криминалдық полиция қызметкерлері мақсатты жұмыс істеп, желтоқсан айының басында Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде білім алып жүрген 16 жастағы оқушыны анықтап, ұстады. Күдікті арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы WhatsApp желісімен хат алмасқан. Сол кезде жәбірленушінің ұялы телефонына электронды сілтеме жасап, ақпараттық жүйеге заңсыз кіріп кетті. Банк картасының есепшотын, оның құпия санын біліп, «Steam» ойын аккаунттарына ақша аударды. Әрі электронды ақша (Bitcoin) сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Хабар 24 телеарнасы