378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда тұрғын үй өртенді

  • 202
Павлодарда тұрғын үй өртенді

Үш бөлмелі тұрғын үйде болған өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыған, деп хабарлады pavlodarnews.kz

«24 желтоқсан күні сағат 10:58-де өрт Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Шон Би көшесіндегі тұрғын үйде өрт шықты»,– дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде. - Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себептерінен шатырдың ағаш бөлігі жанды.

Сондай-ақ сағат 20:15-те Ақсу ауданы, Пограничник ауылы, Пограничное көшесінде бір қабатты бос тұрған ғимараттың шатыры мен едені отқа оранды. Қызыл жалын 120 шаршы метрді қамтыды. Оқиғаның себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы