375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Fokker 100 ұшағымен болған апаттар

  • 189
  • UPD: 20:15, 27.12.2019

Естеріңізге сала кетейік, бұл Fokker 100 ұшағының алғашқы апаты емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 жыл бұрын дәл осындай әуе лайнері елорданың әуежайына апатты жағдайда қонған болатын. Ол да «Бэк эйр» компаниясының ұшағы еді. Ол жолы ұшқыштар ұшақты алдыңғы шассисіз қондыра алды. Сол кезде ұшақта 121 адам болды. Оның бесеуі – экипаж мүшелері. Әлемдік тәжірибеде Fokker 100 ұшағы алғаш рет Солтүстік Македонияда құлаған. Бұл – 1993 жылы болған оқиға. Бүгінге дейін осындай 17 ұшақ апатқа ұшыраған.

Хабар 24 телеарнасы